
3-9 наурыз аралығында «Адрия інжуі» турнирі өтеді
Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Будвада өтетін халықаралық жарысқа қатысады. Бас бапкер Мақсат Бақтыбазаров 3-9 наурыз аралығында «Адрия інжуі» турнирінде шәкірттерінің әлеуетін байқап көрмек.
2025 жылғы бәсекеге әлемнің жиырмадан астам мемлекетінен боксшылар қатысатын белгілі болды. Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтаған Қазақстан командасының құрамына соңғы ел чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшылар еніп отыр.
48 келі. Нұрхан Құмарбеков, Бексұлтан Хужамжар
51 келі. Айдос Үсен, Досымжан Таңатар
54 келі. Алмас Нұрлан, Алдияр Баһадүр
57 келі. Данияр Ақбисенов, Нұғман Нығмет
60 келі. Әділет Тортубек, Ердәулет Сайт, Ыдырыс Жандарбекұлы
63.5 келі. Мұхит Нұрқабылұлы, Артур Джарбулов, Алихан Әскер
67 келі. Сұлтан Тұрдалы, Асқар Қуаныш
71 келі. Бейбарыс Әшірбай, Бекарыс Нұрмұхан, Ризат Тұрсынбек
75 келі. Жасұлан Бердалы, Игорь Соловьев
80 келі. Руслан Динеуов, Асанәлі Сатпаев
86 келі. Нұрсұлтан Қыстаубай, Бақытжан Айтмұхан, Даниял Райымбеков
92 келі. Расул Асанханов, Аният Тілеужан, Санжар Сейтхамит
+92 келі. Бексұлтан Қайратұлы, Айдамир Сауытбек.
Бұдан бөлек, Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турниріне еліміздің ерлер құрамасына да қатысып жатыр. Ертең өтетін жартылай финалдық бәсекеде отандық 18 боксшы бақ сынамақ.