
Ауыр салмақтағы боксшылар жартылай финал жолдамасын иеленіп қойған
Софияда (Болгария) өтіп жатқан бокстан Странджа кубогінің жартылай финалдағы жұптары белгілі болды. Қазақстандық боксшылардың екеуі көрші Өзбекстан спортшыларымен кездеседі.
Қазақстан ерлер құрамасының сапында финалға жолдама алу үшін таласатын 14 спортшы бар. Олардың жартылай финалдық жекпе-жектегі қарсыластары төмендегідей:
Айта кетейік, бүгін жарыс жолынан Санатәлі Төлтаев пен Азамат Бектас жеңіліп шығып қалса, әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты әрі қарай жалғастыра алмады. Ал тамақтан уланған Махмұд Сабырхан турнирден тыс қалды.
Ауыр салмақтапда жұдырықтасатын Бекзат Нұрдәулетов, ағайында Нұрбек пен Айбек Оралбайлар жартылай финал жолдамасын бұған дейін алып қойған.