Әли Ахмедов Астанада жанкүйерлерінің алдында нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)

01.03.2025, 05:04

Техникалық нокаутқа дейін қазақстандық боксшы төрт рет нокдаун алған

Әли Ахмедов Астанада жанкүйерлерінің алдында нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)
ALL STARS BOXING

Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) кезекті жекпе-жегін Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңілді.

Отандасымыз Астанада өткен жекпе-жек кешінде польшалық Мацей Сулецкимен (32-3, 12КО) жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ соңына дейін жетпеді. Сулецки оныншы раундта күтпеген жерден нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Ахмедов айқын фаворит саналған болатын. Өкінішке қарай, қағаздағы фаворит іс жүзінде өз мықтылығын дәлелдей алмады. Ол нокауттан бұрын төрт рет нокдаун алды: бірінші раундта екі рет және бесінші және оныншыда бір рет нокдаунға түсті. 

Төртінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Мачей Сулецки кәсіпқой рингтегі 33-ші жекпе-жегін жеңіп, WBC Silver чемпиондық белбеуінің иегері атанса, Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Бұған дейін Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 17 қаңтар күні АҚШ-та өткізіп, америкалық боксшы Малколм Джонсты екінші раундта жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам