
Бұл – оның кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі
Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіл салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Бауыржан Бекмұрзаев өзбек Турдиали Турдибековпен жұдырықтасып, нокаутпен жеңіске жетті.
Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда, екінші раундта қазақ боксшысы ауыр соққылар сериясын жаудырып, қарсыласын ұрып құлатты. Төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Бекмұрзаев кәсіпқой бокста бесінші жееңісіне қол жеткізді. Ол әлі жеңілмеген. Ал, оның қарсыласы Турдибеков болса бір рет жеңіп, бір рет жеңілген.
Еске салайық, аталған бокс кешінің басты оқиғасы – қазақстандық Али Ахмедов пен поляк Мацей Сулецки арасындағы жекпе-жек болды. Қазақ боксшысы фаворит саналғанымен, ол төрт нокдауннан кейін техникалық нокаут алып, жеңіліп қалды.