ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Жанқош Тұраров WBA рейтингінде бірнеше сатыға жоғарылады

Қазақстандық өзге де боксшылардың рейтингтегі орындары анықталды

фото: Данияр Асылбек
фото: Данияр Асылбек

Кәсіпқой бокстан алғашқы жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жанқош Тұраров Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде алғашқы ондыққа кірді.

Еске салайық, 2023 жылдың 10 желтоқсанында Тұраров Алматыда жапон боксшысы Акихиро Кондомен жекпе-жек өткізіп, 12 раундтың нәтижесінде жеңіске жетті. Ол өзінің IBO белбеуін қорғаумен қатар WBA Gold титулын қанжығасына байлаған еді. Осы жеңісі оның рейтингте жетінші орынға дейін көтерілуіне себеп болған.

Желтоқсанда жекпе-жек өткізіп жеңіске жеткен Батыр Жүкенбаев та 14-ші орыннан 11-орынға көтерілді.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Заурбек болса өз салмағы бойынша үздік бестікке енді. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко 15-ші орында. Екінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген Бек Нұрмағанбет бір сатыға төмендеп, оныншы орынға жайғасты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам