Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Головкин мен Альварес төртінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін – спорт журналисі

02.01.2024, 13:35

Үш жекпе-жектің біреуі тең аяқталып, екеуі мексикалық боксшының пайдасына шешілген

Головкин мен Альварес төртінші жекпе-жегін өткізуі мүмкін – спорт журналисі
Allboxing

Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброуз Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің төртінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты. Бокс кеші әдеттегідей АҚШ-та емес, Араб елдерінің бірінде болуы ықтимал.

Еске салайық, бұған дейінгі үш кездесудің біріншісінде қос боксшы тең нәтижемен тарқасса, қалған екеуінде Альварес жеңіске жетті.

«Головкин әліге дейін бокстан ресми кеткен жоқ. Ол бір аяғымен есікті жаппай ұстап тұр, кенет оңтайлы ұсыныс түссе ол келісе кетеді. Мәселен, Альварестен екі жеңіліс үшін Сауд Арабиясында кек алатын керемет мүмкіндік тууы мүмкін. Головкиннің мұндай ұсыныстан бас тартуы өте қиын. Жанкүйерлердің көбі бірінші жекпе-жекте төрешілер Головкиннің жеңісін тартып алды деп есептейді», - деп жазылған Эмброуздың мақаласында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам