
Данияр жаңа бокс лигасымен келісімге келген алғашқы қазақстандық атанды
Отандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс промоушенімен ресми түрде келісімшартқа қол қойды. Мәліметті Top.BoxingNews растады.
«Жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағына үміткер Данияр Елеусінов Дана Уайт пен Турки әл аш-Шейхтің жаңа бокс промоушенімен келісімшартқа қол қойды», - деп жазды.
Бұған дейін бұл ақпаратты All Stars Boxing промоутерлік компаниясы да жариялаған еді. Осылайша, Данияр жаңа бокс лигасымен келісімге келген алғашқы қазақстандық былғап қолғап шебері атанып отыр.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Дана Уайт Сауд Арабиясының промоутерлерімен бірге жаңа бокс лигасының құрылғанын жариялаған болатын. Бұл жоба қазіргі төрт ірі бокс ұйымының жүйесінен ерекшеленеді. Онда әр салмақ бойынша тек бір ғана чемпион болады.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов – IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы.