«Дауыл алдындағы тыныштық». Ербосынұлы шаршы алаңға оралатынын меңзеді

15.03.2025, 13:33

Айдос WBO Global және WBC Asian чемпиондық атақтарына ие

«Дауыл алдындағы тыныштық». Ербосынұлы шаршы алаңға оралатынын меңзеді
әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) үлкен спортқа оралу туралы жоспары барын айтты.

Айдос WBO Global және WBC Asian чемпиондық атақтарына ие, сонымен қатар екінші орта салмақта WBA атағына үміткер болған. Дегенмен ол 2022 жылғы қарашадан бері шаршы алаңға шыққан жоқ.

Ербосынұлы Данияр Елеусіновтің менеджері әрі All Stars Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Зия Алиевпен кездесу өткізген. Ал келісімшарттың мән-жайына қатысты Айдос: «Күтіңіздер. Дауыл алдындағы тыныштық», - деп қана пікір білдірді.

Ербосынұлы кәсіпқой шаршы алаңда 17 кездесу өткізіп, соның 16-сында жеңіске жеткен. Жерлесіміз 11 қарсыласын нокаутқа жіберген. Өз крьерасында Айдос АҚШ, Беларусь, Аустралия, Ресей, Украина және Қазақстанда өнер көрсеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам