Айбек және Нұрбек Оралбай әкесіне су жаңа Cadillac Escalade автокөлігін сыйлады

15.03.2025, 10:56

Бұған дейін егіз боксшылар жеке бапкеріне де «темір тұлпар» мінгізген болатын

Айбек және Нұрбек Оралбай әкесіне су жаңа Cadillac Escalade автокөлігін сыйлады
instagram.com/oralbay_nurbek/

Қазақстандық танымал боксшылар – ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай әкесіне су жаңа автокөлік сыйға тартты. Жол талғамайтын Cadillac Escalade-тің фотосуретін боксшылар әлеуметтік желіде жариялаған.

«Әкемізге тұлпар мінгіздік», - деп боксшылар қуанышымен бөлісті.

Айта кетейік, Айбек пен Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасынан кейін бапкері Ілияс Еркебаевқа да су жаңа көлік мінгізген болатын. Ол кезде Нұрбек күміс жүлдегер атанып, Айбек ширек финалда Әзірбайжан атынан өнер көрсеткен кубалыққа жеңілген.

Сондай-ақ, ұлттық құрама көшбасшылары Махмұд пен Төрехан Сабырхандар да биыл әкесіне Toyota Highlander автокөлігін мінгізген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам