23 жастағы Махмұд Сабырханның кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды

15.03.2025, 23:36

Отандасымыздың қарсыласы – 28 жаста, кәсіби бокста 10 жылдық тәжірибесі бар

23 жастағы Махмұд Сабырханның кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды
ҰОК

Танымал қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетеді.

Бұл кештің басты оқиғасы – орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен француз Анауэль Нгассаминге (14-0, 9 КО) арасындағы титулдық жекпе-жек болмақ.

Ал Махмұд Сабырханның қарсыласы – филиппиндік Джей Фрэнсис Бурай (13-3-1, 3 КО). Бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген. 28 жастағы Бурай кәсіпқой бокста он жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Айта кетейік, Софияда (Болгария) өткен Странджа кубогінде қазақстандық Махмұд Сабырхан денсаулығына байланысты рингке шықпаған болатын.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам