Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

16.03.2025, 21:57

Бұл – Қазақстан қоржынындағы екінші алтын медаль

Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.

50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда қытайлық боксшы Мей Хумен жұдырықтасқан болатын. Төрешілер жеңісті бір ауыздан Алуаға берді, есеп – 5:0.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова бұған дейін әлем чемпионаттарында бір рет қола (2023 жыл), бір рет күміс (2022 жыл) жүлдегер атанған. Енді оның коллекциясында әлем чемпионатының алтыны бар.

Еске салайық, Сербиядағы әлем чемпионатының финалына Қазақстанның бес қызы шықты. Рингке бірінші көтерілген Назым Қызайбай рейсейлік боксшыны жеңіп, әлем үш дүркін чемпионы атанды. Қалған үш боксшы енді ақтық бәсекесін өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам