Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ең сұлу боксшының қарсыласы жекпе-жекке дейін ауысып кетті

18.03.2025, 11:47

Балауса Мұздыман 5 сәуірде Астанада өнер көрсетеді

Ең сұлу боксшының қарсыласы жекпе-жекке дейін ауысып кетті
instagram.com/muzdi___

5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Балауса Мұздыман (6-0, 5 КО) рингке шығады.

Ол әу баста бұрын мүлдем жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Розалинда Родригеспен (14-0, 3 КО) жолықпақшы болған. Бірақ соңғы сәтте қарсыласы ауысты. Себебі белгісіз. BoxRec.com енді Мұздыманның қарсыласы ретінде филиппиндік Мария Тереза Пинилиді (7-1, 2 КО) көрсетіп тұр. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Еске салайық, 5 сәуірде өтетін бокс кештің басты жекпе-жегі WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен француз Анауэль Нгамиссенгуэ (14-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек болмақ.

Балауса соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде отандасымыз үндістандық Сушила Виратты (6-2, 4 КО) нокаутпен жеңген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам