Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында ауруханаға түсуінің себебін ашып айтты

20.03.2025, 10:00

Отандасымыз 2024 жылдың шілде айында күтпеген жерден ауруханаға түскен

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында ауруханаға түсуінің себебін ашып айтты
instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу барысында кездескен қиындықтары туралы айтып берді. Бұл мәселе оның жаңазеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен жекпе-жегін шегеруге мәжбүр етті.

Әлімханұлы мен Михайловичтің жекпе-жегі 2024 жылдың шілде айында Лас-Вегаста өтуі тиіс еді. Алайда жекпе-жек қарсаңында «Қазақ стилі» қатты сусыздану салдарынан ауруханаға түсіп қалды. Осы себепті кездесу бірнеше айға шегеріліп, қазан айында Австралияның Сидней қаласында өтті. Сол айқаста Жәнібек қарсыласын тоғызыншы раундта нокаутпен жеңді.

«Михайловичпен жекпе-жек алдында дайындық лагерімізді Лас-Вегасқа көшірдік. Онда ауа райы өте қиын болды – аптап ыстық еді. Соған қарамастан, мен барымды салып, салмақ қудым. Мұндай сынақтар мені одан әрі күшейте түседі. Қиындықтар әрқашан үлкен тәжірибе береді, ал мен бұл кедергілерді еңсергенімді мақтанышпен айта аламын. Біз Австралияда тамаша дайындық өткіздік, және өз өнеріме толықтай көңілім толды», – деді Жәнібек Boxing News-ке берген сұхбатында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам