
Ол 45 жасында әлем чемпионы атанған алғашқы кәсіпқой боксшы болды
Кәсіпқой және әуесқой бокс аңызы, екі дүркін әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы америкалық Джордж Форман 76 жасында қайтыс болды деп жазады TMZ порталы.
«Біздің сүйікті Джордж Эдвард Форман 2025 жылы 21 наурызда өз жақындарының арасында қайтыс болғанын қайғыра жеткіземіз», - делінген марқұмның туыстары таратқан хабарламада.
Джордж Форман 1968 жылы Мехико Олимпиадасында чемпион болды. Мұнан кейін кәсіпқой боксқа ауысып, WBC, WBA, IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.
1973 жылы Форман әйгілі Джо Фрейзерді жеңіп, алғашқы чемпиондық титулына қол жеткізді. 1974 жылы әйгілі Мохамед Әлиді нокаутпен жеңіп, есімін тарихта алтын әріптермен жазды.
1977 жылы ол бокстан кетіп, шіркеуде пастор болып жұмыс істеген. Алайда, араға 10 жыл салып кәсіпқой рингке оралды. Ал, 1994 жылы 45 жасқа қараған шағында тағы да әлем чемпионы атанды.
1997 жылы ол бокстағы мансабын біржола тоқтатты. Ол барлығы 81 жекпе-жек өткізіп, соның 76-да жеңіске жеткен (68-і нокаутпен), 5 рет жеңілген.