
Боксшы психикалық тұрғыда қиналғанын жасырмады
2024 жылғы Олимпиада чемпионы Иман Хелиф Париждегі ойындар кезінде қоғам тарапынан болған сынның өз отбасы мен психикасына қалай әсер еткені туралы айтты.
"Бұл маған да, отбасым үшін де үлкен соққы болды. Әсіресе анама қатты әсер етті. Ол күнде ауруханаға баратын жағдайға жетті. Басқа туыстарыма да ауыр тиді, тіпті бүкіл Алжир белгілі бір деңгейде бұл қысымды сезінді деп айта аламын. Ал мұның бәрі түптеп келгенде отбасым мен психикама кері әсер етті", — деді Хелиф.
Естеріңізде болса, 2024 жылдың соңында француз журналисі Джаффар Айт Аудиа боксшы қыздың 2023 жылы өткен гендерлік тестінің нәтижелерін жариялады. Медициналық қорытындыға сәйкес, Хелифтің жатыры мен аналық безінің жоқтығы анықталған.