Астанада бақ сынайтын боксшылардың толық тізімі шықты

30.03.2025, 13:46

Кештің басты кейіпкерлері – Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенгу

Астанада бақ сынайтын боксшылардың толық тізімі шықты
Top Rank

5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысатын барлық спортшылардың есімі белгілі болды.

Nomad Promotions компаниясы хабарлағандай, бұл кештің басты жекпе-жегі – Жәнібек Әлімханұлы мен француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгу арасындағы титулды кездесу. Аталған кештің андеркарттағы барлық жұптары BoxRec ресми порталында жарияланған.

Жалпы алғанда, шаршы алаңға 10 жұп боксшы шығады. Басты жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы (16 жеңіс, 11 нокаут) өзінің чемпиондық белбеулерін Анауэль Нгамиссенгуге (14 жеңіс, 9 нокаут) қарсы қорғауға шығады.

Одан бөлек, әзірге бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық Сұлтан Зауырбек (19-0, 13КО) оңтүстік африкалық Азинга Фузилемен (18-2, 12КО) күш сынасады.

Кештің андеркарт тізімі келесідей:

  • Батыр Жүкембаев – Кейн Гарднер

  • Баходир Жалолов – Игорь Шевадзуцкий

  • Отабек Холматов – Джейсон Кэной Манигос

  • Балауса Муздиман – Мария Тереза Пинили

  • Махмұд Сабырхан – Николас Тордецилла

  • Төрехан Сабырхан – Джири Хауке

  • Әлішер Әбдуәлім – Ашиш Чоудхари

  • Ақниет Әлімбай – Джозеф Дубский

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам