«Жаңалығым бар»: Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады

05.01.2024, 14:01

Ол Париж олимпиадасына баруы мүмкін

«Жаңалығым бар»: Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады
instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде жазба жариялап, спорттық мансабындағы өзгерістер туралы айтты. Ол таяу күндері жанкүйерлер үшін жағымды жаңалығы барын жеткізді.

«Жақын арада рингке оралуым жайлы жаңалықтар болады», - деп жазды боксшы өзінің Instagram-парақшасында.

Данияр Елеусінов Рио олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысып, ІВО нұсқасында әлем чемпионы атанған еді. Кейін ол өзінің менеджерлімен түсініспеушілік болғанын атап, жағдай сотқа дейін барғанын мәлімдеген.

Ол екі жылға жуық уақытқа созылған үзілістен кейін 15 желтоқсанда Астанда өткен бокс кешінде сынға түсті. Алты раундқа созылған жекпе-жекте Елеусінов оңтүстікафрикалық боксшыны жеңді.

Сондай-ақ, ол таяуда әуесқой бокста Олимпиада қатысып, екі дүркін чемпион атану бойынша сұрақтарға да жауап берді. Сол жолы боксшы алдағы Париж олимпиадасына қатысуға ниетті екенін тұспалдағандай болды.

«Олимпиадаға бармайсың ба, тарих жасамайсың ба дейтіндер де бар. Менің жауабым: маған жағдай жасап беріп, ресми шақырып жатырсыз ба?! Жай сөз бе әлде?! Нақты іс жоқ. Сондықтан мен өз ісімнің маманымын. Флойд сияқты әрбір қарсыластың кілтін таба аламын», - деген болатын Данияр Елеусінов.

Данияр Елеусінов Рио олимпиадасына дейін әлем чемпионы, күміс жүлдегері, Азия чемпионатының және Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанған. 2013-2014 жылдары әуесқой бокстан әлемнің үздік боксшысы деп танылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?