Жәнібек Әлімханұлының командасында неге өзге боксшы жоқ? Менеджері жауап берді

Telegram WhatsApp

Әлем чемпионы кімдермен спарринг өткізді және жаттығу жұмыстары қайда өтті?

Instagram/janibek_alimkhanuly
Instagram/janibek_alimkhanuly

5 сәуірде Астанада әлемдік деңгейдегі кәсіпқой бокс кеші өтетіні белгілі. Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) титулдарын қорғау үшін франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) жұдырықтасады.

Осы жекпе-жек алдында Жәнібектің менеджері Берік Сұлтан дайындық жұмыстарының қалай өткені және команданың болашаққа жоспары туралы айтып берді.

– Берік мырза, Qazaq Style деген брендпен әлемді бағындырып жүрсіздер. Командаңыз бар. Бірақ, сол командада Жәнібектен өзге боксшы жоқ. Алдағы уақытта қатарға қосылатын боксшылар бола ма?

– Қазақстанның көптеген боксшысы осы мәселе бойынша хабарласып келеді. Бірақ, бізде қазір бір-ақ мақсат бар, ол – Жәнібекті абсолютті әлем чемпионы ету, яғни төрт белбеудің бәрін иелену. Бұл мақсатқа жету үшін өте көп жұмыс істеуіміз керек. Демек, күшіміздің бәрін тек Жәнібекке ғана жұмылдыра аламыз. Егер командада бірнеше боксшы болса Жәнібекке көңіл аз бөлініп, мақсатымызға жете алмай қалуымыз мүмкін. Төрт белбеуді жеңіп алайық, сосын команданы кеңейтеміз.

– Осы жекпе-жекке дайындалу үшін өз елімізде біршама уақыт дайындалдыңыздар. Қай елде жаттығу жасау қолайлы: АҚШ-та ма, Қазақстанда ма?

– Жекпе-жек қай елде өтеді, сол жерге барып жаттығу жасаймыз, дұрысы сол. Жергілікті климатқа ағза үйренуі керек. Жергілікті жердің суын ішіп, тамағын жеуіміз керек. Сонда рингте біршама жеңіл болады.

Ал, Қазақстан – біздің өз үйіміз, мұнда бәрі жеңіл, бәрі ойдағыдай. Үйренген асымызды ішіп, туып-өскен топырақта жаттығу жасау тек пайдаға ойнайды.

– Ертеңгі жекпе-жекке дайындалу үшін Жәнібек кімдермен спарринг өткізді? Шетелдіктерді алып келген боларсыздар?

– Жоқ, шетелдіктер келмеді, жергілікті боксшылар болды. Әдейі солай таңдадық. Өйткені, олар да Жәнібектен үйренсін дедік, оның үстіне Жәнібекке көмектессін дедік. Нақты айтсам, ұлттық құрама мүшелері Аман Қонысбаев пен Нұрқанат Райыс спарринг-қарсылас болды. Бұл жігіттерге тек алғыс айтамын. Ал, бұл жаттығу жұмыстарын Мырзағали Айтжанов ағамыз ұйымдастырды. Ол кісіге де алғысымыз шексіз!

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 801 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›