ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«Мен басқаны таңдағам»: Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы қарсыласы туралы айтты

05.04.2025, 01:21

Әуесқой бокстан әлем чемпионы атанған Махмұд ертең кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді

«Мен басқаны таңдағам»: Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы қарсыласы туралы айтты
коллаж: 1bol.kz

5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде Махмұд Сабырхан вьетнамдық боксшымен жұдырықтасады. Бүгін салмақ өлшеу рәсімінен кейін боксшылар журналистер алдына шығып, face to face (көз атысу) рәсімін өткізді.

Бокс кешін Nomad Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқаны белгілі. Олар алғашында Махмұд Сабырханға Колумбиядан Николас Тордесилья есімді боксшыны алып келіп береміз деп уәде берген екен. Тіпті, жекпе-жектің жарнамасында да солай хабарланған. Алайда, осыдан бірнеше күн бұрын жоспар өзгеріп, Махмұдқа қарсыласты Вьетнамнан әкелетін болып шешіпті.

Бүгінгі көз атысу рәсімінен кейін вьетнамдық боксшыға қатысты журналистер мен блогерлер тарапынан сұрақтар туындады. Әлеуметтік желіде де Данг Дак Хайнхтың (Вьетнам) кәсіпқой боксшы екеніне күманданғандар көп. Десе де, ол осы күнге дейін 3 жекпе-жек өткізіп, соның екеуінде жеңіпті және біреуінде жеңілген.

Махмұд Сабырхан болса Instagram-дағы жазбалардың бірінің астына өзінің басқа қарсыласты таңдағанын» жазып қалдырған. Алайда, ұйымдастырушылардың әкеліп бергені осы болып тұр.

Айта кету керек, Nomad Promotions Балауса Мұздыманға да АҚШ-тан азулы қарсылас әкелеміз деп дүйім жұртқа жар салған еді. Десе де, бұл уәде орындалмай, америкалықтың орнына Астанаға филиппиндік боксшы қыз келді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды0
Күлкілі4
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам