Махмұд пен Төрехан Сабырханға Англияның промоутерлері ұсыныс жасады

08.04.2025, 08:46

Боксшы алдағы 4 жылға қойған жоспарымен бөлісті

Махмұд пен Төрехан Сабырханға Англияның промоутерлері ұсыныс жасады
Фото әлеуметтік желіден

Ағайынды боксшылар Махмұд пен Төрехан Сабырханға англиялық промоутерлер шақырту жіберген. Олар қос боксшының кәсіпқой боксқа біржола ауысып, мансабын Ұлыбританияда жалғастыруын сұраған көрінеді. Бұл туралы Төрехан Сабырхан «Спорт министрі» Youtube-каналына берген сұхбатында айтты.

Еске салайық, 5 сәуірде Махмұд пен Төрехан Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде дебют жасаған болатын. Екеуі де қарсыласын нокаутпен жеңді.

«Ағам екеуімізге Англиядан кәсіпқой бокстан ұсыныс түсті. Басқа да көп шақыртулар болып жатыр. Бірақ, біздің мақсат әзірге кәсіпқой бокс емес. Махмұд ағам екеуіміздің арманымыз – Олимпиада чемпионы болып, өзіміз өскен ауылда үлкен заманауи спорт залын салғымыз келеді», - деді Төрехан.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан 18 жасында жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан Қазақстан тарихындағы алғаш төрт дүркін Азия чемпионы атанған боксшы. Сондай-ақ, ол жастар арасында әлем чемпионы, ересектер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам