«Жібек жолы» турнирінде Қазақстан боксшылары 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді

15.04.2025, 16:51

Тағы екі боксшымыз финалда сынға түседі

«Жібек жолы» турнирінде Қазақстан боксшылары 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді
ҚБФ

Бакуде бокстан өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының алты боксшысы финалға шыққан болатын. Солардың ішінде әзірге 2 боксшы чемпион атанып, екеуі күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер арасында 54 келідегі финалда қазақстандық Элина Базарова мен ресейлік Дарья Пантелеева кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал  57 келідегі отандасымыз Виктория Байдукова ресейлік Дарья Абрамовадан 4:1 есебімен басым түсті.

Бұдан бөлек, 52 келідегі Анжа Садуақасова әзірбайжандық Зейнаб Рахимоваға жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ерлер арасында 75 келідегі финалда Санжарәлі Бегалиев пен Әзірбайжан өкілі Сейджамшит Жафаровтан 5:0 есебімен жеңілді.

«Жібек жолы» халықаралық турнирінде тағы екі боксшымыз финалда сынға түседі. Олардың бірі 54 келіде Бағлан Кенжебек орыс боксшысы Максим Кузнецовпен кездессе, 71 келіде Нұрбек Мурсал ресейлік Игорь Свиридчинковпен шеберлік байқасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам