Қазақстандық Фарух Тохтасынов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

16.04.2025, 09:01

Қазақстан боксшылары Ресейдегі Коротков атындағы турнирде бақ сынап жатыр

Қазақстандық Фарух Тохтасынов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды
Қазақстан бокс федерациясы

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде 71 келіде өнер көрсеткен қазақстандық Фарух Тохтасынов екінші айналымда өзбек боксшысынан жеңіліп қалды.

Отандасымыз бірінші айналымда ресейлік Дмитрий Захаровты жеңіп, ширек финалға жолдама алған. Алайда, оны осы кезеңде өзбек Асилбек Абдурахмонов тоқтатты. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Өзбекстан өкіліне берді.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні 57 келіде өнер көрсеткен Дәулет Молдашев та жеңілді. Ол Солтүстік Корея боксшысына есе жіберген. Ал, қыздар арасында Әнел Сақыш (54 кг) моңғол боксшысын жеңіп, ширек финалға шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам