
Альбина Молдажанова — 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері
Ресей құрамасының атынан өнер көрсететін 23 жастағы қазақ боксшысы Альбина Молдажанова кәсіби боксқа ауысу туралы шешім қабылдады.
Ол 18 сәуір күні Челябі қаласында өтетін IBA.PRO 2 турнирінде рингке шығады. Альбинаның қарсыласы — отандасы Нурият Алибекова. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл екеуінің де кәсіби бокстағы дебюті болмақ.
Кештің басты жекпе-жегі — жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев пен германиялық Артур Манн арасындағы кездесу. Бұл Ковалев үшін қоштасу жекпе-жегі болмақ. 10 раундқа созылатын бұл айқаста бірінші ауыр салмақтағы IBA Intercontinental белбеуі сарапқа салынады.
Айта кетейік, Альбина Молдажанова — 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалисі, сондай-ақ Ресей чемпионатының жеңімпазы және 2023 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының чемпионы.