Иман Хелиф кәсіпқой бокста бақ сынамақ

16.04.2025, 13:24

Хелиф қазіргі уақытта 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалып жатыр

Иман Хелиф кәсіпқой бокста бақ сынамақ
Getty images

Алжирлік Олимпиада чемпионы Иман Хелиф кәсіби боксқа ауысуды жоспарлап отыр.

Париж Олимпиадасының чемпионы енді кәсіби рингте бағын сынап көрмек. Хелиф қазіргі уақытта 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалып жатқанын айтады. Алайда сонымен қатар ол кәсіби спортқа ауысуға бел буған.

«Қазір мен физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да бабымда болғым келеді. Келесі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықпен баруым қажет. Кәсіби боксқа өту үшін ұсыныстар мен келісімшарттарды күтіп отырмын», — деді спортшы.

Хелифтің айтуынша, Олимпиада кезіндегі даулы жайт оған ерекше мотивация берген.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Иман Хелиф жеңімпаз атанған. Алайда көп ұзамай француз журналисі Джаффар Айт Аудиа әлеуметтік желіде Хелифтің ер адам екенін дәлелдейтін құжаттарды жариялап, жанжал туындаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам