Головкинді әлем чемионы еткен америкалық бапкер Садриддин Ахмедовті өз қолына алды

17.04.2025, 11:47

Екеуі осымен екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Головкинді әлем чемионы еткен америкалық бапкер Садриддин Ахмедовті өз қолына алды
360 Promotions

Қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкинді ұзақ уақыт жаттықтырған америкалық бапкер Абель Санчес енді Садриддин Ахмедовті өз қолына алды.

Айта кету керек, Головкиннің командасымен кетіскеннен кейін Абель Санчес бапкерлік мансабын тоқтататынын мәлімдеген болатын. Ол тіпті, Калифорния штатындағы жаттығу залын да сатып жіберген. Енді қазақстандық өзге боксшы оны бәрін басынан бастауға көндірген сияқты. Екеуі бұған дейін бір жекпе-жек өткізіп үлгерді және Садриддин ол кездесуін нокаутпен аяқтады.

«Ахмедов пен Санчес бірге екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бапкер бұрын Головкинді дайындаған залдан төмен жақтан жаңа жер алып, құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Ал, қазір екеуі Хайме Мунгияның жаттыққан залында дайындық жүргізіп жатыр», - деп жазды boxingscene.com сайты.

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 15 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен, 13-де нокаутпен жеңді. 19 сәуірде қазақстандық боксшы алғашқы орта салмақта мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам