
Садриддин Ахмедов – Элиас Эспадас жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6-1, 16 KO) кездесті. Қарсыластар он раунд бойы шаршы алаңда өзара мықтыны анықтап, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.
Ахмедов кездесудің басым бөлігінде белсенділік танытып, дәл соққыларымен көзге түсті. Көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар қазақстандық боксшының айқын басымдықпен жеңіске жетті деп есептесе де, үш төреші бір ауыздан – 95:95 есебімен тең шешім шығарды.
Бұл нәтиже Садриддин үшін кәсіби мансабындағы алғашқы тең ойын болып отыр. Бұған дейін ол 15 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 13-ін нокаутпен аяқтаған еді.
Бұл Садриддиннің 2025 жылғы алғашқы жекпе-жегі. Былтыр ол америкалық Антонио Тодд пен Рафаэль Игбоквені нокаутпен жеңіп, қарқынын көрсеткен болатын.
Жекпе-жектен кейін Ахмедов қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдіріп, алда әлі талай маңызды кездесулер күтіп тұрғанын жеткізді.