Өзбекстанның ең үздік боксшысы атанған қазақ АҚШ-та жеңіске жетті

Бүгін, 11:38

Руслан Абдуллаев WBA Continental белдігін жеңіп алды

Өзбекстанның ең үздік боксшысы атанған қазақ АҚШ-та жеңіске жетті
uza.uz

20 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Оушенсайд қаласында өткен кәсіби бокс кешінде этникалық қазақ, Өзбекстан атынан өнер көрсететін Руслан Абдуллаев филиппиндік Джино Родригомен сегіз раундтық жекпе-жек өткізді.

Әуесқой бокста құрлықтық және әлем чемпионаттарында топ жарған, 2021 жылы Өзбекстанның ең үздік боксшысы атанып, «Руфат Рисқиев кубогының» иегері атанған Абдуллаев бұл жекпе-жекте де басымдығын толық танытты.

Бесінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген Руслан жекпе-жек бойы рингтегі жағдайды бақылауда ұстап отырды.

Тоғызыншы салмақ дәрежесіндегі бұл кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Руслан Абдуллаев 80–71, 80–71, 80–71 ұпайымен жеңіске жетіп, кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде WBA Continental белдігін жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам