Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Танымал бапкер шәкіртін жеңген боксшыны шапалақпен тартып жіберді

21.04.2025, 18:03

Бен Уиттакер отандасы Лиам Кэмеронмен жекпе-жек өткізді

Танымал бапкер шәкіртін жеңген боксшыны шапалақпен тартып жіберді
Getty Images/Global Images Ukraine

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін британиялық боксшы Бенджамин Уиттакер Лиам Кэмеронды нокаутқа түсіріп, оның бапкерінің де ашуын туғызды.

2025 жылғы 20 сәуірде Бен Уиттакер (9-0-1, 6 KO) отандасы Лиам Кэмеронмен (23-7-1, 10 KO) жекпе-жек өткізді. Кездесу Англияның Бирмингем қаласындағы Resorts World аренасында өткен бокс кешінің бір бөлігі болды.

Екінші раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Уиттакер қарсыласының шабуылдаған сәтін оңтайлы пайдаланып, оң жақтан ауыр соққы жасады. Бұл соққы Кэмеронды теңселтіп жіберді. Қарсыласы кері шегінген сәтте Уиттакер тағы бірнеше соққы жасап, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Бен Уиттакер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жекпе-жек аяқталғанын түсінген Уиттакер қарсыласының бапкері Грант Смит тұрған бұрышқа қарай бет алып, маманды әдейі арандатқысы келді. Бапкер де ашуға бой алдырып, Уиттакердің бетінен салып жіберді.

Айта кетейік, Уиттакер мен Кэмерон арасындағы бірінші жекпе-жек 2024 жылғы 12 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы Kingdom Arena-да өткен болатын. Бұл жекпе-жек Бетербиев пен Бивол арасындағы негізгі кездесудің андеркардында өтіп, тең нәтижемен аяқталған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам