Чемпионға 500 мың доллар. ІВА әлем чемпионатын қашан өткізеді?

22.04.2025, 18:27

Ұйымдастырушылар қатысушыларды қомақты жүлде қорымен қызықтырғысы келді

Чемпионға 500 мың доллар. ІВА әлем чемпионатын қашан өткізеді?
Валерия Шарифулина / ТАСС)

Халықаралық олимпиада комитеті тарапынан лицензиясынан айырылған Халықаралық бокс қауымдастығы ерлер арасында әлем чемпионатын өткізуден әлі де үмітті.

Бастапқыда турнирді 2025 жылғы мамырдың соңы мен маусымның басында ұйымдастыру туралы жоспар болған. Ұйымдастырушылар қатысушыларды қомақты жүлде қорымен қызықтырғысы келді. Біріншілік жеңімпазы 500 мың доллар алатыны айтылған.

Дегенмен ХОК боксты Олимпиада-2028 бағдарламасында қалдырып, оған жауапты ұйым ретінде World Boxing-ті тағайындаған соң, IBA беделіне кәдімгідей нұқсан келді. Түркияда мамырда өтуі тиіс біріншіліктің алдымен ұйымдастырылатын орны өзгеріп, енді уақыты да ауысты. IBA сайтында жаңа мерзім көрсетіліп тұр – қараша айы. Дегенмен Умар Кремлёвтің айтулы сынды қайда өткізетіні әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам