Балауса Мұздыманның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

27.04.2025, 17:18

Соғңы рет ол 5 сәуірде Астанада жұдырықтасқан

Балауса Мұздыманның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Nomad Promotions

Қазақстандық кәсіби боксшы Балауса Мұздыман (7-0, 5 КО) 6 маусым күні Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, All Stars Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын All Stars Boxing 4 турнирі «Алматы Аренада» спорт кешенінде өтеді. Алайда, қарсыластың кім болатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, Балауса Мұздыман соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізген. Ол кезде қазақ боксшысы филиппиндік Мария Тереза Пинилимен (7-2, 2 КО) 8 раунд жұдырықтасып, төрешілер  шешімімен жеңіске жетті.

Сол жекпе-жектен соң Балауса BoxRec сайтының жеңіл салмақ рейтингінде үздік ондыққа кірген. Нақтырақ айтсақ, тоғызыншы орынға жайғасқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам