
Қос боксшы әлеуметтік желіде екі жылдан бері бірін-бірі жекпе-жекке шақырумен келеді
WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, доминикалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) пен WBO мен IBF нұсқалары бойынша чемпион, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) арасында келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Адаместің өзі америкалық БАҚ-қа берген сұхбатында айтқан.
«Қазір менде Жәнібекпен белбеулерді біріктір жекпе-жегін өткізу мүмкіндігі бар. Біз Top Rank-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бұл айқасты ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын іздеудеміз. Менің қазіргі басты мақсатым осы», – деді ол
Естеріңізде болса, Карлос Адамес 2025 жылдың 22 ақпанында Эр-Риядта британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 КО) жекпе-жек өткізіп, айқас тең нәтижемен аяқталды.
Ал, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, өз титулдарын сәтті қорғады.
WBC ұйымы болса Карлос Адаместі чемпиондық белбеуін қорғау үшін өзге қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтановпен жұдырықтасуды міндеттеді. Егер Адамес пен Әлімханұлы өзара келісе алмаса, онда доминикалық боксшы Нұрсұлтановпен кездеседі.