Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

«Қазақ жауынгері» чемпиондық титулын қорғап қалды

03.05.2025, 19:51

Төрешілердің шешімі әр түрлі болып, ақыры тең нәтиже тіркелді

«Қазақ жауынгері» чемпиондық титулын қорғап қалды
Irfin Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (лақап аты – «Қазақ жауынгері») өзінің 23-ші жекпе-жегін өткізіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды.

Бокс кеші Тайланд астанасы Бангкокта өтті. Жерлесімізге Намибияның жеңіліп көрмеген бокашысы Филлемон Нгутенанье қарсылас атанды.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған және соңына дейін аса шиеленісті өтті. Үш төрешінің екеуі тең нәтиже тіркесе (95-95), біреуі намибиялық боксшыны алға шығарды (91-99). Бастапқыда ринг-анонсер Елшаттың жеңісін жариялап артынан қателікті түзетіп, ресми  тең есеп деп жарияланды.

Нәтижесінде, Қазақ жауынгері WBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуін қорғап қалды. 

Елшат 24 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сін жеңсе, 2  тең нәтиже тіркеген. Филлемон Нгутенанье де жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Оның еншісінде 12 жеңіс және 2 тең нәтиже бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам