
Әлемнің үздік боксшыларының жаңа рейтингі жарияланды
Boxingscene.com порталының мәліметінше, танымал спорт шолушысы Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшыларының жаңа рейтингін жариялады. Тізімге қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да енді. Ол 20-орыннан көрінді.
Эдвардс P4P тізімінің көшін америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) бастап тұрғанын атап өтті.
Үздік бестікке сонымен қатар украиналық Александр Усик (23-0, 14 KO), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) және Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) енген.
Ал әлемдік бокстың бет-бейнесіне айналған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 KO) рейтингте 8-орынға тұрақтаған.