Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстандық боксшылар лицензиялық турнирге дайындықты бастады

09.01.2024, 13:28

Қазақстан бокс құрамасында әзірге бір ғана жолдама бар

Қазақстандық боксшылар лицензиялық турнирге дайындықты бастады
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Италияның Милан қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындық кезеңіне кірісті.

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетовтің айтуынша, дайындық жаттығулары екі кезеңнен тұратын болады.

«Қазіргі таңда команда Алматыда жаттығу жиынын өткізуде. Бұл кезеңде жалпы дене жаттығуына көңіл бөлінеді. Ал, турнир жақындаға арнайы физикалық дайындық басталады. Сол жиынға қатысуға шетелдік командалар да сұранып отыр. Атап айтар болсақ, Иран мен Әзербайжан командасы келеді. Сондай-ақ, тағы бірнеше мемлекет өтініш білдірді», - деді Қожамбетов Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Ал, лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімі кейінірек жарияланады. Айта кететін жайт, Қазақстан құрамасында жалғыз жолдама ғана бар. Ол аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевқа тиесілі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам