Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Геннадий Головкин ең бай 20 боксшының қатарына кірді

09.01.2024, 09:43

Көш басында америкалық кіші Флойд Мэйвезер тұр

Геннадий Головкин ең бай 20 боксшының қатарына кірді
vRINGe.com

Қазақстандық ең танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) спорттық мансабында қанша ақша тапқаны белгілі болды.

Орта салмақта WBA, IBF, IBO тұжырымдарының чемпионы болған GGG кәсіпқой бокста жүріп дәулетін 30 миллион долларға жеткізген. Осылайша ол әлемдегі ең бай 20 боксшының қатарына кіріп отыр.

Ал, аталған тізімнің басында америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезер тұр. Оның жиған дүниесі 450 миллион долларға бағаланған.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокс мансабында екі рет жеңіліп, бір рет тең ойнаған. Қалған 42 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, 37-де қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Рингте тапқан табысынан бөлек ол жарнамалық келісімшарттар жасасып, қаржылық ахуалын жақсартқан. Атап айтқанда, қазақстандық боксшы әлемдегі ең қымбат сағат бренді саналатын Hublot-ты, Chivas Regal алкогольді сусындарын жарнамалады.

Ең дәулетті боксшылардың алғашқы ондығы: 

  1. Флойд Мейвезер - $450 миллион
  2. Джордж Форман - $300 миллион
  3. Мэнни Пакьяо - $200 миллион
  4. Оскар Де Ла Хойя - $200 миллион
  5. Сауль Альварес - $180 миллион
  6. Леннокс Льюис - $140 миллион
  7. Шугар Рэй Леонард - $120 миллион
  8. Владимир Кличко - $90 миллион
  9. Энтони Джошуа - $80 миллион
  10. Виталий Кличко - $80 миллион.
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам