Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Назым Қызайбай Түркияға сапары туралы айтты

24.05.2025, 16:28

Ол Бусеназ Сюрменелидің тойына барған

Назым Қызайбай Түркияға сапары туралы айтты
instagram.com/nazym_kyzaibay09

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Түркияға тойға барып, бос уақытын қалай өткізгені туралы айтты. Трабзонда тұрмыс құрған құрбысының қуанышын бөліскен қазақ спортшысы тойлай жүріп, жаттығудан бір сәтке қол үзбеген. 

«Түркияда өткен соңғы күндерім өте әсерлі болды. Әдемі тойға қатыстым, аздап демалдым, бірақ жаттығуды тоқтатқан жоқпын. Нағыз күш — тепе-теңдікте. Бүгін мен жаттығу жиынына жолға шықтым, енді алдағы жарыстарға дайындықты бастаймын. Алда жаңа белестер бар, мен толық дайынмын», - деді боксшы. 

Қазақстандық спортшының Түркия бокс құрамасының мүшесі, токио Олимпадасының чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы Бусеназ Сюрменелимен жақын құрбы екені жанкүйерлерге белгілі.

Назым Қызайбай Олимпиададан оралғанда белгілі боксшы оның қуанышын бөлісуге Алматыға келген болатын. Бұл жолы Трабзонда түріктің әйгілі боксшысы Бусеназдың егіз сыңары тұрмысқа шығып, Назым айтулы тойға құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам