
Наталья Богданова кемінде турнирдің қола медалін жеңіп алды
Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық Thailand Open-2025 турнирінде қазақстандық Наталья Богданова жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлде иеленіп отыр.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қытай Тайбэйінің өкілі Чэнь Няньциньмен кездесті (ол 66 келі салмақта сынға түскен). Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектен кейін төрешілердің басым бөлігі қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп тапты.
Осылайша, Наталья Богданова кемінде турнирдің қола медалін жеңіп алды.
Айта кетейік, Чэнь Няньцинь – 2018 жылғы әлем чемпионы, 2022 жылғы Азия ойындарының жүлдегері, сондай-ақ 2017 және 2019 жылдары Азия чемпионаттарында және 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жүлдегер атанған тәжірибелі спортшы.
Ал Богданова – 2024 жылғы Азия чемпионы, 2022 жылғы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері және 2025 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері.