Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Джошуа мен Фьюри арасында екі мега-жекпе-жек өтуі мүмкін

28.05.2025, 19:09

Тараптар үш жекпе-жектен тұратын келісімшартқа отырмақ

Джошуа мен Фьюри арасында екі мега-жекпе-жек өтуі мүмкін
Getty Images

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Энтони Джошуа (28-4, 25 КО) Турки Аль аш-Шейхпен (Riyadh Season) жауапты жекпе-жектер бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

No Smoke Boxing-тің жазуынша, тараптар үш жекпе-жектен тұратын келісімшартқа отырмақ. Алайда бұл жөнінде ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Тек болжамдар мен инсайдерлік мәліметтер ғана айтылып отыр.

Энтони Джошуа мен "Riyadh Season" жобасы арасындағы келісім бойынша Тайсон Фьюриге қарсы екі мега-жекпе-жек өткізу туралы шарт жасалуы мүмкін.

Алдымен Джошуа Диллиан Уайтпен реваншқа шығады. Егер бұл жекпе-жек өтпей қалған жағдайда балама нұсқа ретінде Джаред Андерсонмен кездеседі. Жақында Джошуа операция жасатып, қазан айына дейін шаршы алаңға оралуды жоспарлауда.

Айта кететін жайт, бұған дейін Тайсон Фьюри ресми түрде мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді. Дегенмен, соңғы уақытта ол рингке қайта оралуы мүмкін екенін меңзеп, артынша ешқандай камбэк болмайтынын да алға тартқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам