Төрехан Сабырхан қырғыз боксшысын жеңіп, финалға шықты

Енді ол өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмойловпен жұдырықтасады

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері Төрехан Сабырхан Тайландта өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда қырғыз боксшысы Ихтиор Нишоновпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Шабуылы шапшаң Төрехан қарсыласын қапы қалдырып, финалға өтті. Енді ол шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмойловпен жұдырық түйістіреді.

Айта кетейік, осы турнирде 50 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрзат Оңғар қола жүлдені жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам