Төрехан Сабырхан Таиландтағы турнирдің финалында өзбек боксшысымен жұдырықтасады

01.06.2025, 11:07

Диас Молжігітов болса Қытайдың қазағымен өза

Төрехан Сабырхан Таиландтағы турнирдің финалында өзбек боксшысымен жұдырықтасады
Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін бокстан Бангкокта өтіп жатқан Thailand Open-2025 турнирінің  финалдық жекпе-жектері өтеді. Ақтық сынға Қазақстанның ерлер құрамасынан – екі, қыздар құрамасынан бес боксшы шыққан болатын.

Финалдық кездесулер Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады және YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстанның ерлер құрамасынан финалға Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Диас Молжігітов (80 кг) шыққан болатын. Төрехан өзбек боксшысы Мухаммадазизбек Исмоиловпен жұдырықтасады. Диас болса Қытай қазағы Тоқтарбе Таңатқанмен өзара мықтыны анықтайды.

Қыздар құрамасының жарыс бағдарламасы:

60 кг:
Виктория Графеева – Ян Ченью (Қытай)

70 кг:
Наталья Богданова – Чжао Чуньюань (Қытай)

75 кг:
Надежда Рябец – Азиза Зокирова (Өзбекстан)

80 кг:
Гүлсая Ержан – Ван Сяомен (Қытай)

+80 кг:
Елдана Тәліпова – Киран (Үндістан)

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам