«World Boxing пен ХОК-тің лас ойыны»: Танымал промоутер IBA-ны қорғап шықты

31.05.2025, 20:04

Танымал промоутер IBA-ға күйе жағылды деп отыр

«World Boxing пен ХОК-тің лас ойыны»: Танымал промоутер IBA-ны қорғап шықты
facebook.com/albertsiesta

Танымал промоутер, IBA.PRO компаниясының бас директоры Альберт Сиеста World Boxing ұйымының жарыстарына қатысатын боксшыларға жыныстық сәйкестік бойынша міндетті тест енгізу туралы шешімге қатысты пікірін ортаға салды.

«Бұл – World Boxing пен ХОК-тің лас ойыны. Олар IBA-ді жыныстық теңсіздік пен жала жабу арқылы айыптап, оның беделіне, қаржылық салымдарына, боксқа деген махаббатына, тазалығына күйе жағу үшін осылай істеп отыр... Бұл – батысқа тән әдеттегі айла. Өздері билікке келген соң IBA-дің әрекеті о бастан дұрыс болғанын түсінді. Енді өздері сол ережелерді енгізіп отыр.

Бұл өте түсінікті әрі қарапайым ойын. Бірақ бұл жағдай IBA-дің адал, байыпты ұйым екеніне тағы бір дәлел. Бұл ұйым боксты дамытуға орасан қаражат салып жатыр. Олар сахна сыртындағы ойындары арқылы IBA-ді ығыстырып, енді өздері соның ізімен келеді. Бірақ Құдай әділетті ғой. Бәрі өз орнын табады», – деді Сиеста.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ұйымы өз турнирлеріне қатысатын барлық боксшыға жыныстық сәйкестікке қатысты міндетті тест енгізілетінін мәлімдеген болатын. Әсіресе Париж Олимпиадасының чемпионы Иман Халиф ерекше назарда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам