Қарсылас таппаған Жәнібек Әлімханұлы бұрын жеңген боксшымен қайта жұдырықтасуы мүмкін

02.06.2025, 00:33

Британдықтар қазаққа осындай талап қойып отыр

Қарсылас таппаған Жәнібек Әлімханұлы бұрын жеңген боксшымен қайта жұдырықтасуы мүмкін
Allboxing

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жыл соңына дейін матч-реванш өткізуі мүмкін.

Британиялық промоутер Фрэнк Уоррен (Queensberry) мен оның қарамағындағы боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 KO) осындай талап қойып отыр.

«Жәнібек соңғы рет титулды ерікті түрде қорғады, ол Анауэль Нгамиссенгені 5-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Енді міндетті қорғаныс өткізетін уақыт келді. Біз бұл шешімді WBO арқылы талап етеміз.

Дензел өз кезегін күтті, биыл бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ. Енді нақты мерзімін білуі керек. Біз ұзақ күтіп жүре алмаймыз. Жетер. Ол жыл соңына дейін чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуы керек», - деді Уоррен The Ring басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2022 жылы Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентлимен жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 8
Ашулану 3
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам