«Биязы қыз болған жараса ма?»: Балауса Мұздыман жаңа образымен тәнті етті

02.06.2025, 10:01

Кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман 7 жекпе-жектің бәрін жеңіп, 5 рет нокаут тіркеген

«Биязы қыз болған жараса ма?»: Балауса Мұздыман жаңа образымен тәнті етті
instagram.com/muzdi___

Әлемдік бокс аренасында шеберлігімен көзге түсіп жүрген Балауса Мұздыман бұл жолы нәзіктігімен ел назарын өзіне аударды.

Спортшы қыз ерекше образдағы суретін бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты.

«Менің күнделікті спорттық образымнан шаршаған шығарсыздар. Көйлек киіп, биязы қыз болған жараса ма? Қалай, сіздерге ұнады ма?», – деп жазды Балауса Мұздыман парақшасында.

Батылдығымен танылған спортшының нәзік келбеті көпшіліктің көңілінен шықты. Желі қолданушылары Балаусаның жаңа бейнесіне жылы пікірлер жазып, оның сымбатына, талғамына жоғары баға беруде.

Айта кетейік, Балауса Мұздыман — еліміздің талантты спортшыларының бірі. Ол  6 маусымда мысырлық Айя Рамаданға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам