
Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жегі 12 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді
Boxingnews24.com басылымының журналисі Крис Уильямс Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) пен Теренс Кроуфордтың (41-0, 31 KO) қазіргі бабына баға беріп, алдағы жекпе-жек қарсаңында өз пікірін білдірді.
Сонымен қатар ол америкалық Кроуфордты орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлынан (17-0, 12 KO) қашып жүр деп айыптады.
«Канело» құлдырау кезеңінде. Бұл процесс 2022 жылы басталды. Уильям Скуллмен өткен жекпе-жекте жанкүйерлер Альварестің деңгейі қаншалықты төмендеп кеткенін байқады: ол жекпе-жекті соңына дейін әрең жеткізді, ал өзі 40 жастан асып кеткендей көрінді. Кроуфорд та бұрынғыдай бабында емес, бірақ жағдайы дәл Альварес секілді нашар емес. Оның Исраил Мадримовпен болған жекпе-жегі де біраз нәрсені аңғартты. Сондықтан ол бірінші орта салмақтағы басқа қарсыластармен жұдырықтасудан бас тартты. Кроуфорд Вёрджил Ортис, Бахрам Муртазалиев немесе Себастьян Фундорамен кездессе, жеңіліп қалатынын түсінді. Ол сондай-ақ орта салмақ чемпиондары Жәнібек Әлімханұлы және Карлос Адамеспен айқасуға да құлық танытпады», — деп жазды ол.
Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасында екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек 12 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді (Қазақстан уақытымен 13 қыркүйек күні таңертең).