Оның орнын кубалық тәжірибелі боксшы Эрисланди Лара басты
BoxRec.com порталы орта салмақтағы әлемдік бокс рейтингін жаңартты.
Бұған дейін көш бастап келген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 12 нокаут) рейтингте бір саты төмендеп, екінші орынға жайғасты. Орнына кубалық тәжірибелі боксшы Эрисланди Лара (31 жеңіс, 3 жеңіліс, 3 тең нәтиже) шықты. Үздік үштікті британдық Крис Юбэнк (35 жеңіс, 3 жеңіліс, 25 нокаут) қорытындылап тұр. Төртінші орында — Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО).
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Эрисланди Лара WBA титулының иегері болса, Карлос Адамес — WBC чемпионы, ал Крис Юбэнк IBO белбеуін иеленіп отыр.