
Ол Шодай Котомен кездеседі
Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогының үшінші жарыс күнінде 9 қазақстандық боксшы рингке шығады.
Күндізгі сессия – 14:00
1-жұп | 48 келі | 1/4 финал
Фарзона Фозилова (Өзбекстан, 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Назым Қызайбай (Қазақстан, 3 дүркін әлем чемпионы);
5-жұп | 51 келі | 1/8 финал
Алуа Балқыбекова (Қазақстан, әлем чемпионы) – Дженнифер Лозано (АҚШ, Париж Олимпиадасының қатысушысы);
7-жұп | 80 келі | 1/4 финал
Пужа Рани (Үндістан, 2 дүркін Азия чемпионы) – Гүлсая Ержан (Қазақстан, Азия чемпионы);
8-жұп | 50 келі | 1/4 финал
Шодай Кото (Жапония) – Санжар Тәшкенбай (Қазақстан, 2023 жылғы әлем чемпионы);
10-жұп | 85 келі | 1/4 финал
Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан, 2019 жылғы әлем чемпионы) – Лачлан Лаусон (Жаңа Зеландия).
Кешкі сессия – 19:00
2-жұп | 60 келі | 1/4 финал
Гизем Озер (Түркия, Париж Олимпиадасының қатысушысы) – Виктория Графеева (Қазақстан, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері);
6-жұп | 65 келі | 1/8 финал
Дион Бурман (Англия) – Аида Әбікеева (Қазақстан, әлем чемпионы)
8-жұп | 65 келі | 1/8 финал
Ахмет Пекел (Түркия, Париж Олимпиадасының қатысушысы) – Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан);
11-жұп | 90 келі | 1/4 финал
Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Малачи Джоржес (АҚШ).
Айта кетейік, Астанадағы әлем кубогында 31 мемлекеттен келген 300 боксшы бақ сынайды.