ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Александр Усик абсолют чемпион атағынан айырылуы мүмкін

21.07.2025, 10:58

Ұйым украиналық боксшыны британдық Джозеф Паркерге қарсы жекпе-жек өткізуге міндеттеді

Александр Усик абсолют чемпион атағынан айырылуы мүмкін
Reuters

Украиналық кәсіпқой боксшы Александр Усик суперауыр салмақтағы абсолют чемпион атағынан айырылып қалуы ықтимал. Бұл мәселе Дүниежүзілік бокс ұйымының талаптарына байланысты туындап отыр.

Ұйым украиналық боксшыны жақын арада британдық Джозеф Паркерге қарсы міндетті қорғау жекпе-жегін өткізуге міндеттеді.

Бұған дейін WBO Усикке Даниэль Дюбуаға қарсы айқас өткізу үшін уақытша жеңілдік берген болатын. Алайда енді Усикке екі ғана таңдау қалды: Паркермен жекпе-жек өткізу немесе WBO белбеуінен ресми түрде бас тарту. Әйтпесе, ұйым оның чемпиондық атағын тартып алуы мүмкін.

Айта кетейік, мұндай жағдай бұған дейін де болған. Тайсон Фьюримен өткен алғашқы жекпе-жектен кейін Усик дәл осындай себеппен IBF чемпиондық белбеуінен айырылған болатын.

Еске сала кетейік, 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Лондонда өткен жекпе-жекте Усик бесінші раундта британдық Дюбуаны нокаутқа түсіріп, суперауыр салмақта екінші мәрте абсолют чемпион атанған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам