Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Назым Қызайбай қайырымдылық жасап, 40 балаға қуаныш сыйлады

30.07.2025, 12:12

Боксшы жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы отбасыларға көмектесті

Назым Қызайбай қайырымдылық жасап, 40 балаға қуаныш сыйлады
ҚБФ

Танымал боксшы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram парақшасында көпшілікті қуантқан ізгі ісі туралы бөлісті.

Бұған дейін Назым әлеуметтік желі арқылы биыл 1-сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан байланыс нөмірлерін сұраған болатын. Жақында Stories бөлімінде жариялаған жазбасында ол мынадай жүрекжарды сөз қалдырды:

«Жаттығудан кейін өзіме тәнті болып келе жатырмын. Минус 2 миллион, 40 бақытты бала + күлімдеген көпбалалы ата-аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді».

Бұл жазбадан белгілі болғандай, Назым Қызайбай жаңа оқу жылы қарсаңында 40 баланың мектепке дайындығына демеушілік жасап, көпбалалы отбасыларға көмек көрсеткен. Жеңіс рингте ғана емес, жүрекпен жасалған жақсылықта да екенін дәлелдеген боксшы оқырманның ыстық ықыласына бөленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 37
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам