Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Азия чемпионаты: Қазақ боксшылары алғашқы айналымда өзбек спортшыларымен кездеседі

31.07.2025, 20:19

Бақыт Сәрсекбаев бастаған жастар құрамасы Таиландқа барады

Азия чемпионаты: Қазақ боксшылары алғашқы айналымда өзбек спортшыларымен кездеседі
ҰОК

1-11 тамыз аралығында Бангокте (Таиланд) 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты өтеді. Бақыт Сәрсекбаев бастаған еліміздің жастар құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды. Жеребе нәтижесі бойынша үш бірдей отандасымыз Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жектерін өзбекстандық боксшыларға қарсы өткізеді.

 

Ерлер құрамасы:

50 келі. 11 боксшы

1/8 финал

(Қазақстан) Нұрзат Оңғаров- (Индонезия) Вики Тахумил

 

55 келі. 14 боксшы

1/8 финал

(Қазақстан) Бексұлтан Боранбек (Жастар арасында әлем чемпионы)-(Өзбекстан) Самандар Олимов (2024 жылғы жастар арасында әлем чемпионы, Польшадағы Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері (60 келіде))

 

60 келі. 14 боксшы

1/8 финал

(Қазақстан) Нұрислам Қалдыбаев- (Оңтүстік Корея) Сеунг Хун Ио

 

65 келі. 13 боксшы

1/8 финал

(Қазақстан) Илья Калинин- (Үндістан) Прит Малик (2024 жылғы U22 Азия чемпионатының күміс жүлдегері)

 

70 келі. 11 боксшы

1/4 финал

(Қазақстан) Нұрбек Мурсал ширек финалда Үндістан немесе Филиппин өкілінің қай жеңгенімен жұдырықтасады.

 

75 келі. 10 боксшы

1/4 финал

(Қазақстан) Аман Қонысбеков-(Өзбекстан) Шавкатжон Болтаев (2024 жылғы U22 Азия чемпионатының қола жүлдегері)

 

80 келі. 7 боксшы

1/4 финал

(Қазақстан) Санжар-әли Бегалиев-(Оңтүстік Корея) Сеонгву Жанг

 

85 келі. 7 боксшы

1/4 финал

(Қазақстан) Азатбек Жолдасхан-(Үндістан) Роки Чаудхари

 

90 келі. 5 боксшы

1/4 финал

(Қазақстан) Темірлан Мұқатаев-(Қытай) Куо Чао

 

+90 келі. 6 боксшы

1/4 финал

(Қазақстан) Нұрасыл Асылхан-(Өзбекстан) Халимжон Мамасолиев (2024 жылғы жастар арасында әлем чемпионы)

Айта кету керек, бұған дейін IBA ұйымдастырған Шри-Ланкадағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 42 алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам