Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Шын сүйсең төтеп бересің». Назым Қызайбай махаббат туралы айтты

01.08.2025, 11:16

Боксшы мотивациялық жазба жариялады

«Шын сүйсең төтеп бересің». Назым Қызайбай махаббат туралы айтты
© instagram/nazym_kyzaibay09

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Назым Қызайбай алдағы World Boxing ұйымы өткізетін әлем чемпионатына дайындығы туралы айтты.

Танымал спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу залынан түсірілген фотосын жариялап, мотивациялық жазба қалдырды:

«Егер істеген ісіңді шын сүйсең - бәріне төтеп бересің. Басқаларға мүмкін емес көрінгенді де еңсере аласың», - деп жазды Назым.

Айта кетейік, Қызайбай - Қазақстан әйелдер құрамасының тарихындағы ең даңқты спортшы. Ол - бокстан үш мәрте әлем чемпионы атанған жалғыз қазақ қызы. Жақында ғана Астанада өткен World Boxing кубогының кезеңінде де алтын медаль иеленген болатын.

Әйелдер арасындағы алғашқы ресми әлем чемпионаты 2025 жылғы 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы M&S Bank Arena кешенінде өтеді. Бұл жарысты жаңадан құрылған World Boxing халықаралық федерациясы ұйымдастырып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам